24 сәуір мен 5 мамыр аралығында Астана қаласы «Өрлеу» институтында мұғалімдерге арналған «Жаһандық құзыреттілік» атты біліктілік арттыру курсы ашылып, оқыту жұмыстары жүргізілуде.
Курс тыңдаушылары жаһандық құзыреттілік курсының бағдарлама құрылымымен танысып, жаһандық құзыреттілікті мақсатты түрде қалыптастыру құралдарын анықтайды, халықаралық және отандық цифрлық платформаларды зерттейді және оларды сабақтарда ұйымдастыру және өткізу үшін пайдалануда.
Сондай-ақ педагогтер теориялық білімдерімен қатар практикалық дағдыларын қалыптастырып, факультативтік курсын оқытудың ұйымдастырушылық, мазмұндық, әдістемелік, тұжырымдамалық негіздерін меңгереді.

