Қалың жұртым, қазағым, мақтан бүгін, Жан сырыңды жайып сап ақтар бүгін.Мерейі үстем мерекең құтты болсын, Сан ғасырлар армандап тапқан бүгін. Тәуелсіздік күні – тұтас ұрпақтардың орындалған арманын білдіретін қуанышты әрі маңызды мереке. Өйткені, тәуелсіздік пен теңдік, егемендік пен мемлекеттілік – кез келген халық үшін аса құнды ұғымдар. 2022 жылы 14 желтоқсанда “Өрлеу “БАҰО” АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша филиалында 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушылармен «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Шақырылған қонақтар: Шымкент қаласының Орталық Азия инновациялық университетінің “Құқықтану” кафедрасының аға оқытушысы Айдарбеков Құрманжан, Төлеби аудандық мамандандырылған мектеп-интернатының тарих пәнінің мұғалімі Жүсіпбаева Қүлзейнат, филиалымыздың аға оқытушысы Раймқұлова Жанат. Қатысушылар өз естеліктерімен бөлісіп, 1986 жылғы желтоқсанда алаңға шыққан студенттер мен жастардың патриоттық сезімдері туралы айтып берді. Қонақтар институттың Алғыс хатымен марапатталды.Барлық қазақстандықтарға ашық аспан, амандық, өркендеу және Тәуелсіздік тілейміз!

- 14 Дек
- 2022