Желтоқсан оқиғасы қатысушылары құрметіне арналған салтанатты жиын

Алматы қаласының №4 кітапханасында 1986 жылы Желтоқсан оқиғасы қатысушыларының құрметіне салтанатты жиын өтті.

Шараға «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігінің бұрынғы төрағасы, қоғам белсендісі Бейсенғазы Сәдуұлы, «Желтоқсан-Алматы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серікбек Дүрүмбайұлы және Желтоқсан оқиғасы қатысушылары қатысты.

Салтанатты жиында Тәуелсіздікке үлес қосушылардың ерлігі мен батылдығы туралы сыр шертілді. Желтоқсан құрбандары туралы түрлі естеліктер айтылды.

Желтоқсан көтерілісіне қатысқан бір топ желтоқсаншыларға «Тәуелсіздікке 35 жыл» медалі мен «Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы» куәлігі табысталды. Солардың қатарында 1986 жылы Желтоқсан көтерілісінің қатысушысы, оқулықтардың авторы, Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының бас әдіскері Жайна Саметова мерейтойлық медальмен марапатталды.

Тәуелсіздік қарлығаштары ұлттық құндылықтарды берік ұстанатын, Қазақстанның отансүйгіш жастары көбейіп, кең байтақ қазақ жерінде тыныштық, ынтымақ берік орнасын, Тәуелсіздік тұғыры биік болсын деген ізгі тілекпен тарқасты.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар