«Живая классика» – Таразда

«Живая классика» халықаралық жас оқырмандар байқауы – жасөспірімдер арасында оқуды насихаттауға бағытталған жоба. 11 жыл ішінде байқау Ресейдің 85 өңірінен және әлемнің 85 елінен 10 миллионнан астам қатысушыны қамтыды. Байқаудың мақсаты – кітап оқуға деген ынтаны қалыптастыру, сондай-ақ Ресей мен шетелдегі жасөспірімдер арасында әдебиет пен орыс тіліне деген қызығушылықты арттыру. Үшінші жыл «Живая классика» Жамбыл облысында өтуде, оны ұйымдастырушы Облыстық мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізу орталығы болып табылады. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институты кітапханасының меңгерушісі Инна Грицинина «Живая классика-2022» облыстық турының қазылар алқасының құрамында балалар шығармашылығын бағалады. Мерке ауылынан Қайрат Бексейіт, №3 мектептен  Ахметбек Кәусар, №7 гимназиядан Лавров Давид, №40 орта мектебінен Медведцкая Екатерина, №24 орта мектептен Голахов Руслан және Погорелов Платон облыстық турдың жеңімпаздары атанды. Анықтама үшін: «Живая классика» халықаралық жас оқырмандар байқауы – ресейлік және шетелдік жазушылардың прозалық шығармаларынан үзінділерді мәнерлеп оқу бойынша жарыс. «Живая классика» байқауы 8 сыйлықтың лауреаты атанып, Президенттік гранттар қорының 100 ТОП-жобалары қатарына енген.

Баян Муртазаева, зертхана меңгерушісі

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар