Жинақ жарияланды

2024 жылдың 25-26 сәуірінде «Білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру» атты республикалық педагогикалық оқулары өтті. Педагогикалық оқулар қортындысы бойынша жинақ жарияланды.450-ден астам педагог өз жұмыстарын жіберді. Олардың ішінен 247 жұмыс ғана рецензиялаудан өтіп, 2 томдық жинаққа іріктелді. 1-томға «Оқу пәндері мен сынып сағаттарының мазмұны арқылы білім алушыларда құндылықтарды тәрбиелеу” бағыты бойынша мақалалары, 2-томға «Білім алушыларды құндылықтарға тәрбиелеу мақсатында сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру», «Құндылықтарға тәрбиелеу үшін білім алушылардың отбасымен ынтымақтастық», «Білім алушыларды құндылықтарға тәрбиелеуде үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттесу» бағыттары бойынша материалдар енді. Жарияланбаған мақалалар материалдардың мазмұны мен ресімделуіне қойылатын талаптарға сәйкес келмеу себебінен қабылданбады.📌Жинақтың электронды нұсқасы : https://drive.google.com/…/1xjPIbIikZAG7l5By5ka6bJs…

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар