“Өрлеу”-Ақмолада “Кәсіби мамандардың жастарға көмегі” жобасының екінші кезеңі басталды, оның барысында қатысушылар сабақтарды жоспарлау, заманауи білім беру технологияларын пайдалану, іс-әрекеттерге өзіндік талдау тәсілдері бойынша ұсыныстар алады. Жаңадан бастаған педагогтарды сарапшы – мұғалімдер, шебер-мұғалімдерге, аудан білім беру бөлімдерінің әдіскерлеріне, кәсіби конкурс жеңімпаздарына жеке кеңестер беріледі.Көкшетау қаласынының жас педагогтері мен жобаға қатысушы жас мамандар үшін Екінші кезеңнің бірінші іс-шарасын “Балабақшадағы Робототехника” тақырыбында “Алтын бала” балабақшасының тәжірибелі педагогтары, тәрбиешілері өткізді.

