«Өрлеу Шымкент» филиалының «Психология, инклюзивті білім беру және кәсіби даму» кафедрасының аға оқытушысы Егенова Назгул Атаевнаның жетекшілігімен 2024 жылдың 26.03-05.04 аралығында «Мектеп жасына дейінгі балаларда этномәдени құндылықтарды қалыптастыру бойынша педагогтің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне арналған біліктілік арттыру курсы институт базасында өткізілді. Курс барысында «Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасауда этномәдени бағытындағы ертегілерді қолдану», «Мектепке дейінгі ұйымдарда этномәдениетті дәріптейтін орталықтардың маңызы», «Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекетіндегі этномәдени дәстүрлер», «Балалардың шығармашылығын дамытудағы этномәдени элементтердің рөлі» тақырыбында жоба жұмыстарын жазып топпен қорғап шықты. Нәтижесінде мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасауда этномәдени ертегілерді қолдану, этномәдени дәстүрлер, балалардың шығармашылығын дамытуда этномәдени элементтерді қолдану және этномәдениетті дәріптейтін орталықтардың жұмыс жасау жолдарымен танысты. Курс соңында 25 тыңдаушы сертификатқа ие болды.

- 05 Апр
- 2024