Жолдаудың басым бағыттары талқыланды

7 қыркүйек күні қоғам өкілдерінің қатысуымен “Өрлеу” БАҰО” АҚ Ақтөбе филиалы профессор-оқытушылар құрамы мен облыс педагогтері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылады.
Кездесу барысында “AMANAT” партиясының Ақтөбе қалалық фракция мүшесі, Ақтөбе қалалық мәслихат депутаттары Байлиева Райса Оразбековна, Ершілік Шынар Ершілікқызы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдаудың негізгі басымдықтарын кеңінен баяндады. Жолдау еліміздің экономикалық дамуына, жаңа технологиялардың игерілуіне, адам құқығы мен ауылшаруашылық өнімдері, соның ішінде инновациялық жобалардың дамуына бағытталғандығы ерекше атап өтілді.
Қоғам белсенділері Жолдауда айтылған бастамаларға жеке-жеке тоқталып, өз пікірлерін ортаға салып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ педагогтердің қойылған сұрақтарына жауап берді.
Қатысушылар мазмұнды да сындарлы кездесу үшін алғыстарын жеткізіп, Жолдауды жүзеге асыру экономиканың одан әрі өсуіне және еліміздің азаматтарының өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар