Жолдауды қолдаймыз!

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық «AMANAT» партиясының партиялық актив отырысы өтті. Облыс әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен өткен жиында Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.

Жиынды “AMANAT” партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Мұрат Мұқаев жүргізді. Талқылау барысында облыстық мәслихат депутаты Аркадий Рубцов, партиялық бақылау жөніндегі инспектор Афиза Семғалиева, Оралдағы «Өрлеу» институты директоры Софья Измуханбетова сөз алды.

Сөз барысында ана ретінде, педагог ретінде Жолдаумен байланысты кейбір мәселелерді ортаға салды:

– мектепке дейінгі тәрбие: тәрбиешілердің әлеуметтік мәртебесін арттыру;

– тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігіне назар аудару;

– күтушілердің (няня) жағдайы;

– облыстағы мектептер жағдайы;

– студенттер жатақханасы мәселелері.

Сонымен қатар әйелдердің зейнет жасы, ұлттық қордан балаға бөлінетін қаржы туралы жағымды жаңалықтар айтылды.

Оралдағы «Өрлеу» институты ұжымы Жолдауды қолдай отырып, бұл бағыттағы жұмыстарды бірге атқаратын болады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар