Жолдау жүктеген міндеттер талқыланды

           Бүгін Оралдағы «Өрлеу» филиалында институт директоры Софья Измуханбетованың қатысуымен 1 қыркүйек күнгі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты  Жолдауы талқыланып, маңызды құжаттың бөлім-белестері зерделенді.  

Институт директоры ҚР Президенті Жолдауының басым бағыттарын атап өтіп,   Жолдауда еліміздің ұлттық дамуындағы экономикалық және саяси жағдайдағы барлық аспектілер қамтылғанына тоқталды.

    Жиында сөз алған қызметкерлер бес жастан асқан балаларға  арналған «Келешек» атты бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі,  экономикалық саясатты одан әрі жетілдіру, су тапшылығы, жол мәселесі туралы ойларын ортаға салып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті. 

     Ұжым қызметкерлері Мемлекет басшысының Жолдауын бір кісідей қолдап,  маңызды құжатта нақтылап берген бағыт-бағдарды жүзеге асыруға жұмылатындықтарын айтты. 

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар