ЖОО білім беруді дамытудың жаңа контексіндегі қазіргі заманауи трендтер

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Ұлтай Ешимова 9 желтоқсан күні «Болашақ» Университеті профессор-оқытушыларына «ЖОО білім беруді дамытудың жаңа контексіндегі қазіргі заманауи трендтер» тақырыбында вебинар өткізді.

Іс-шара барысында профессор-оқытушыларға әлемдік тәжірибеде қолданылып жүрген трендтер және олардың қолданбалылығы жайлы ақпараттар ұсынылды. Нақты адаптивті оқыту, STEAM трендін қолдану бойынша тренинг жүргізілді.

Вебинар соңында тәжірибе алмасудың тиімділігі жайлы профессор-оқытушылар «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының ұжымына алғыстарын білдірді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар