23 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында Конрад Аденауер атындағы Қордың өкілі Йоханнес Д.Рай мырзаның ұйымдастыруымен студенттік өзін-өзі басқару және пікірсайыс қозғалысы бойынша брейнсторминг-сессия өтті. Сессия жұмысына “Өрлеу” біліктілікті арттыру акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Гаухар Сайлаубекқызы Жұманова және біздің аймақтың ШЖМ отыз директоры, Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА қызметкерлері қатысты. Сессия модераторы – профессор, п. ғ. д., ШЖМ бойынша сарапшы Әділғазинов Г.З.
Сессия қатысушылары оқушылардың өзін-өзі басқару және дебаттық қозғалыс бойынша топтық жұмысқа қатысты.
Қазақстандағы Конрад Аденауэр атындағы Қор қызметінің басым бағыттары:
* өзара түсіністік және серіктестік;
* германия мен Қазақстанның екіжақты қарым-қатынастарын одан әрі дамыту.
Топтық жұмыс қорытындысы бойынша Аденауэр атындағы қорымен 2022 жылға арналған ынтымақтастық жоспарлары анықталды.