А.ж. 21 ақпан күні Институт оқытушылары М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессорлық-оқытушылар құрамы үшін «Критериалды бағалау жүйесі-білім сапасының өлшемі» тақырыбында әдістемелік семинар өткізді. Семинардың мақсаты-білім алушылардың оқу жетістіктері туралы шынайы ақпарат алу және оқу процесін жетілдіруде қолданылатын критериалды бағалаудың тұжырымдамалық негіздерін талдау, бағалау жүйесінің практикалық құндылығы туралы отандық тәжірибе негізінде пікір алмасу.
Семинарда университеттің профессорлық-оқытушыларына бүгінгі орта білім беру жүйесіндегі жаңартылған білім мазмұнының идеясы таныстырылып, практикалық құндылығы әрбір пәндік сала бойынша (қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану ғылымдары) тиімді тәжірибелер ұсынылды.
Университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы критериалды бағалау жүйесінің қағидаттарын талдай отырып, білім сапасын бағалаудың жаңа форматының тиімділігін, қалыптастырушы бағалау бойынша стандарттарды, оқу бағдарламаларын жетілдіру үшін талдау жүргізу және басқа да басқарушылық шешімдер қабылдау дағдыларын жетілдіру жолдары туралы білімдерін толықтырып, тәжірибеде қолдануға мүмкіндік алды.