Жоғарғы оқу орындарымен ынтымақтастық

Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының жоғарғы оқу орындарымен ынтымақтастық жұмыстары аясында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті Филология институтының Қазақ тілі теориясы мен оқыту әдістемесі кафедрасымен болашақ педагогтер мен жас мамандарды қолдау бойынша 2024 жылға жоспар жасалынып, бекітілді.

Ақпан айына жоспарланып отырған республикалық әдістемелік десант бойынша Филология институтының директоры, ф.ғ.д., профессор Алуа Таңжарықова, «Қазақ тілі теориясы мен оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор Нағима Ильясова, Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор Меруерт Бисенбаева және кафедраның аға оқытушы Нұрсәуле Қылышбекова университеттің профессор-оқытушылар құрамымен кездесіп, жоспармен таныстырды. Республикалық десанттың мақсаты: екі жақты пікіралмасу алаңын жүзеге асыру мен педагогикалық шеберлікті шыңдау.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар