Журналдың белсенді авторлары марапатталды

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, «Өрлеу» Алматы 14-желтоқсанда  ақпараттық-әдістемелік «Алматы ұстазы» журналының белсенді авторларымен кездесу өткізді.

2006 ж. бастап шығатын республикалық ақпараттық-әдістемелік «Алматы ұстазы//Учитель Алматы» журналының  тарихына жауапты-редактор Перуза Асылбек қысқаша шолу жасап, мазмұнды мақала ұсынған авторлардың жұмыстарымен жан-жақты таныстырды. Сөз кезегінде Институт директорының орынбасары Ильдана Халитова журналға өзекті мақала ұсынып, мұғалімдердің біліктілігін арттыру институтымен ынтымақтастық қарым-қатынаста атқарған белсенді еңбегі мен шығармашылық жетістіктері үшін алғыс білдіріп, Құрмет грамотасын табыстады.  

Атап айтсақ, Абай жолы эпопеясын оқытудың тиімді әдістерін ұсынған №157 мектеп мұғалімі Алдибекова Әсемгүл, «Өркениет талабы – жүйелі ізденіс пен жаңаша оқытуда» тақырыбындағы мақала авторы, №13 МГ мұғалімі  Сайднасимов Кайрат Абдулазизович, «В атмосфере творческого сотрудничества»  мақала авторы, №69 ЖББМ мұғалімі Ботатаева Улжан Акылтаевна,  «Критериальное оценивание – основа повышения качества обучения” тақырыбындағы мақала авторы, М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей мұғалімі Абжамиева Бахытгуль Кожановна,  «Жаңартылған бағдарламаны жүзеге асыруда педагогикалық тәсілдердің маңызы» тақырыбындағы мақала авторы, Ш.Смаханұлы атындағы №62 гимназия Даулетбақ Гаухар Даулетбаққызы Институттың Құрмет грамотасымен  марапатталды.

Мерейлі мереке қарсаңында ұйымдастырылған іс-шараға ризашылығын білдірген ұстаздар бірлесіп жасаған жұмыстың нәтижелі болатынын тілге тиек етіп, Институт бастамаларының сәттілікпен жүзеге асырылуына ізгі тілектерін білдірді.

 «Өрлеу» Алматы

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар