«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ПҚ БАИ жанынан білім беру саласындағы педагог қызметкерлер үшін тоқсанына 1 рет республикалық ақпараттық-әдістемелік «Білімдегі жаңалықтар» журналын шығарып келеді. Сондай-ақ ай сайын қалалық дәрежеде журнал қосымшасы шығарылады. Журнал электронды. Институт сайтында жарияланады. Тегін.
Журналда түрлі тақырыптық бағытта келесідей айдарлар бар: «Білім берудегі мемлекеттік саясат», «Педагогика саласындағы ғылыми тәжірибе», «Білім беру: моделдері мен әдістері», «Педагогикалық инновациялар», «Техникалық және кәсіптік білім/техническое и профессиональное образование», «Мектепке дейінгі білім беру мен тәрбие», «Білім кеңістігінде шекара жоқ», «Астаналық білім беру көшбасшылары», «Кәсіби тұлға//Оқиғалар, адамдар, фактілер», «Шығармашылық шеберханасы», «Мұғалімге көмек», «Өзекті ақпарат», «Өнегелі тәрбие», «Ғаламтор беттерінен», «Редакция ұсынады».
Журналда педагог қызметкерлер өз жұмыс тәжірибелерімен бөліседі, әріптестерінің шетелдік жаңашыл озық тәжірибелермен, оқытудың заманауи технологиялары және әдістемелерімен танысады.
Журнал қосымшасында сабақ үлгілері, сыныптан тыс ісшаралар, балабақшада өткізілетін ұйымдастырылған оқу қызметтері жарияланады. Материалдар orynbassar9@gmail.com электронды поштасына жіберіледі.
Жарияланымдар талаптарға сәйкес төмендегідей ресімделеді:
- Мақала атауы немесе сабақ тақырыбы.
- Автор жөніндегі мәліметтер мақала басында оң жақ бұрышта орналасады:
– автордың толық аты-жөні;
– ғылыми дәрежесі және атағы;
– жұмыс орны және қызметі;
– тұрақты мекен-жайы;
– байланыс телефоны, e-mail.
Мақала көлемі 3-5 беттен аспауы қажет. Microsoft Word редакторы. Мәтіндер Times New Roman, 14 кегл; әріптер аралығы және сөйлем асты – жалаң (компьютерлік).
Мәтін қалыпты формада жазылады; жоғары-төмен, оң-сол – 2.5см.
Мәтіндегі әдебиеттер сілтемелері араб сандарымен квадрат жақшада белгіленеді. Әдебиеттер тізімі мақала соңында ұсынылады (1995 жылдан кейінгі). Әр автордың аты-жөні, шығарманың атауы, шығарманың шыққан жері, жылы, беті толық көрсетіледі. Мақалаға фотосуреттер, түрі-түсті суреттер алынбайды.
Әдеби шығармалар мен ғылыми әдебиеттерден келтірілген мәліметтердің нақтылығына, мазмұнына мақаланың авторлары жауап береді. Жарияланымдар авторлық өңдеуде беріледі. Редакция алқасы берілген мақалаларды қысқартуға және түзетуге құқығы бар.
Ақылдастар алқасы мен редакция жарияланымның ішкі мазмұны мен әдістемелік негізіне және техникалық келеңсіздіктерге жауапты емес. Редакция авторлармен жазбаша байланыс түрін қарастырмайды.