15-26 тамыз аралығында Казталов ауданы Алма Оразбаева атындағы ЖББОМ базасында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған жылжымалы курс өтуде. «Бастауыш сынып (1-4 сыныптар) мұғалімдерінің «Математика”, «Қазақ тілі» және «Әдебиеттік оқу» пәндері бойынша пәндік құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбындағы курсты Кәсіби білім беру кафедрасының аға оқытушысы, білікті тренер Бағдагүл Габбасова жүргізуде.
Жаңа бағдарлама бойынша педагогтер өз пәндерін терең меңгеріп, күрделі тақырыптар бойынша өзекті мәселелерді қарастырады. Кәсіби құзыреттіліктерін дамыту барысында өзара тәжірибе алмасып, практикалық тапсырмалар орындайды.
Курс тыңдаушылары алғашқы күні диагностикалық тестілеуден және курс соңында қорытынды тестілеуден өтеді. Тест нәтижесі бойынша сертификаттар беріледі.


