Жылжымалы семинар-практикум өтуде

Ағымдағы жылдың 3-4 сәуір күні Оралдағы «Өрлеу»  Кәсіби білім беру кафедрасының тренерлері және әдіскерлері облыс педагогтерін  курстан кейінгі қолдау мақсатында екі күндік  жылжымалы семинар-практикум өткізуде.

       Бұл шаралар 2021-22 ж.ж. біліктілікті арттыру курсынан өткен жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған әдістемелік десант шеңберінде ұйымдастырылды.

Мақсаты: 2021-2022 жылдары біліктілікті арттыру курстарынан өткен педагогтердің сабақтарына қатысу;

– сабақтарды бақылау қорытындысы бойынша мұғалімге жеке сындарлы кері байланыс беру;

– тәжірибеде анықталған проблемалар мен қиындықтарды бірлесіп талқылау және шешу жолдарын іздеу;

         3 сәуір күні аға оқытушылар Сайра Сексенбаева, Рауан Мулдагалиева, бас әдіскер Кулян Дуйсенгалиева Ақжайық аудан орталығындағы М. Әуезов атындағы ЖОББМ, №1 ЖОББМ, Абай атындағы мектеп-гимназиясының 2021-2022 жылдары  біліктілікті арттыру курсынан өткен педагогтердің сабақтарына қатысты. Сондай-ақ Абай атындағы мектеп-гимназиясы базасында  «Мұғалімнің кәсіби өсуі – оқыту сапасын арттырудың негізгі  шарты» тақырыбында аудан орталығындағы мектеп педагогтеріне семинар-практикум ұйымдастырылып, тәжірибеде анықталған проблемалар мен қиындықтарды бірлесіп талқылау және шешу жолдарын қарастырды.

             Бүгін 4 сәуір күні бас әдіскер мен аға оқытушылар Жаңабұлақ ЖОББМ, Бударин мектеп-бөбекжай кешені мұғалімдерінің сабақтарына қатысып, семинар өткізуде.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар