ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы педагогтердің ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды қолдау саласындағы кәсіби құзыреттілігін жүйелі түрде арттыруда.
Жыл басынан бері төрт оқу бағдарламасы бойынша 6 мыңға жуық педагог біліктілігін жетілдірді. Олардың қатарында жалпы білім беретін және арнайы мектептердің, сондай-ақ инклюзивті білім беру бағыты бойынша жұмыс істейтін мұғалімдер, тәрбиешілер және педагог-ассистенттер бар. Қатысушылардың 53%-ы – ауыл мұғалімдері. Жыл соңына дейін тағы мыңнан аса педагог қамтылады.
Курс барысында тыңдаушылар ерекше қажеттілігі бар балаларды оқу барысында қолдау әдістері, арт-терапия, ойын технологияларын, агрессивті немесе мінез-құлықтың күрделі жағдайларында тиімді жұмыс істеудің тәсілдерін меңгерді. Сондай-ақ, олар оқушылардың даму ерекшеліктерін анықтау, жеке оқу бағдарламасын әзірлеу, сабақ жүргізу, оқу нәтижелерін бағалау және ата-аналармен тиімді байланыс орнату дағдыларын жетілдірді.
Бағдарламаның негізгі мақсаты – педагогтердің кәсіби әлеуетін арттырып, инклюзивті білім беру үдерісінде қолдануға болатын практикалық әдістер қорын кеңейту.

- 16 Окт
- 2025