Филиал 2400 педагогті оқыту туралы мемлекеттік тапсырысты орындады. Ол үшін 96 курс ұйымдастырып (мектепке дейінгі білім беру бойынша: 19 курс, 459 адам (қала-227, ауыл-232), орта білім беру бойынша: 77 курс,1941 тыңдаушы (қала-664, ауыл-1277), курстан өткен барлық педагогтерді виртуалды қоғамдастыққа енгізіп, курстан кейінгі қолдау шараларын ұйымдастырды. Action Research зерттеуі бойынша – 803, Lesson Study зерттеуі бойынша -1138, Facilitated Action Research зерттеуі бойынша – 459, барлығы 2400 педагог зерттеу жұмысын жүргізуде.
2023 жылы педагогтерді курстан кейінгі сүйемелдеу бойынша 5766 тыңдаушыны қамтыған 424 іс-шара өткізілді. Ал курсаралық шаралар бойынша 32 жұмыс жасалып, оған 1148 тыңдаушы қатысты.
Филиал Маңғыстау облысының білім басқармасымен, Маңғыстау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті, «НЗМ» дербес білім беру ұйымының Педагогикалық шеберлік орталығымен бірлікте 4 жақты «Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне педагогтердің кәсіби дамуы бойынша әдістемелік қолдау көрсету» жоспарын нәтижелі жүзеге асырды.
Филиал оқытушылары 2 жаңа білім беру бағдарламасы мен 6 оқу-әдістемелік кешенін, 2 әдістемелік құралдарын жасақтады.
Филиал 5 жоба бойынша жұмыс жасады.- “Тәлімгерлік мектебі-педагогикалық шеберлік зертханасы”;- Жас мамандарға арналған интенсив;- “Stem-білім беру жағдайында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру”;- “PIRLS-2021: кәсіби шеберлік-нәтижеге”;- Директорлар клубы.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі 2023 жылғы 18 тамызда бекіткен ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын жүзеге асыру, сондай-ақ білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторингті (ББЖМ – МОДО) ұйымдастыру және жүргізу бойынша педагогтерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында филиал облыстың 19 мектеп, 284 педагогіне іс-шара ұйымдастырды.
“Өрлеу” ұлттық орталығы филиалдардың мамандары мен оқытушыларының біліктілігін арттыру мақсатында 14 курс,семинарлар ұйымдастырды.
”Бағалау тәсілдері мен әдістерін қолдану: жоспарлау, құралдарды әзірлеу, кері байланыс”(Астана);
”Педагогтердің кәсіби дамуын басқару” (Астана);
Шетелдік тағылымдамалар:- “Оқу жетістіктерін бағалауда тест материалдарын әзірлеу және қолдану” (Азербайжан, Баку);- “Білім беру бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын жасақтаудағы жаңа тәсілдер мен әдістер” ( Монтре, Швейцария);
“Программа обучения педагогов по продвижению STEAM-образования в условиях современной школы”(Caravan of knowledge).
”Педагогикалық идеялар панорамасы -2023”республикалық конкурсының қорытындысы бойынша Маңғыстау облысының 3 мұғалімі жеңімпаз атанды.Тағы 3 жұмыс Youtube желісінде өте көп қаралым жинағаны үшін марапатқа ие болды. 2023 жылы Президентіміз Қ.К.Тоқаев пен Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен, Өрлеу ұлттық орталығының ұйымдастыруымен өткізілген осыншама шаралардың нәтижесін қорытындылай отырып, алдағы 2024 жылда да білім берудің ең басты құндылығы тәрбие мен білім саласының алдыңғы шебінде жүретін ұстаздар қауымының кәсіби шеберліктерін арттыруда көптеген шаралар жоспарлануда.

- 24 Дек
- 2023