Жүректен шыққан алғыс өлең

Оқырмандық құзыреттілік 21 ғасыр қоғамының әрбір саласында кез-келген азаматқа қажетті дағды, әрі оқу сауаттылығының жеткіліксіздігі өмірлік мүмкіндіктерге қол жеткізуге кедергі жасайды. Бүгінгі мектеп осы қажеттілікті пән аясында меңгертудің қыр-сырын кәсіби-тәжірибелік ортада зерттеп, дамытуды мақсат етеді.

«Өрлеу»-Жамбыл филиалында 10-14 ақпан аралығында «Мақсатты мектеп» жобасының педагогтеріне арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамыту» тақырыбындағы негізгі деңгей курсы өтуде. Біліктілік арттырудың екінші кезеңінде педагогтер білім алушылардың функционалдық сауаттылығын пәннің мазмұнына кіріктіре оқытуды және оқылым дағдыларын оқырмандық құзіреттіліктің жоғары деңгейлеріне жеткізудің түрлі стратегияларын меңгеруде.

Сабақ барысында ұстаздар ұлттық және халықаралық PISA зерттеулерінің талдауларымен танысып, еліміздегі ағымдағы жағдайды талдап, үлгілік бағдарламадағы оқу мақсаттарын зерделеп шықты. Білім алушылардың оқырмандық құзыреттілігін 3-4 және 5-6 деңгейлерінің талаптарына сәйкес дамытатын тапсырмалар әзірлеп, әдістемелік негіздемелерін жасады. Курс барысында пән мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктері функционалдық сауаттылықты дамытатын тапсырмаларды әзірлеу құзыреттіліктерімен толықты.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар