Ағымдағы жылдың 11 қаңтарында Ж.Тәшенов атындағы №68 орта мектебі базасында «Білімге құндылық қатынас бағдары арқылы сананы қалыптастыру: қағидаттар мен ұстанымдар тақырыбында облыстық семинары ұйымдастырылды. Мақсаты – жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.
Семинарға қатысушылар «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының маңызды міндеттерінің бірі ретінде бірге жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуы арқылы құндылық бағдарды қалыптастыру процесі оның даралану дәрежесі мен шығармашылық бағыттылығын дамытуда және ҚР ұлттық, адами құндылықтарға негізделген 2023-2025 жылдарға арналған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыруда өзара тәжірибе алмасты.
Айта кетсек, Ақтөбе қаласына іс-сапармен келген Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясы «Психология, тәрбие және тұлғаны дамыту» орталығының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Танирбергенова Анар Шынболатовна – Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру тетіктері мен перспективаларын тілге тиек етіп, облыстың педагогтерімен іс тәжірибе бөліскен болатын.
Іс-шара барысында педагогтер – қазіргі өзгерістерге дайын болу, жаһандық хабарларды игеру, өмір бойы оқуға деген ұмтылыс, бейресми көзқарастар, эмоцияларды іздеу, прагматизм, өзіне деген үміт тәрбие үндестігін құруға бағытталған жобаларды қорғады. Семинар спикері п.ғ.к., доцент Айгүл Каплиева құндылыққа бағдарланған тәсілдің негізі – белгілі бір мәдени кеңістікті құруға, оны игеруде тәрбие мазмұнының жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды жүйелеудегі қоғам мен адам арасындағы қарым-қатынасты ажыратудың жолдары туралы таныстырды.
«Ақтөбе-Өрлеу» кәсіби даму институты әкімшілігі Ж.Тәшенов атындағы №68 орта мектебінің педагогикалық ұжымына семинардың өтуіне қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреді.


