«Зайырлылық және дін» тақырыбында кездесу өтті

     Оралдағы «Өрлеу» институты филиалында «Жаһандық құзыреттіліктер» курсы аясында «Зайырлылық және дін» тақырыбында кездесу өтті.

     Кездесуді Кәсіби білім беру кафедрасының аға оқытушысы Гүлмаржан Өтеғұл ұйымдастырды. Басқосуда БҚО Дін істері басқармасына қарасты Қазақстан адам ресурстары қоғамдық қорының теолог маманы Наурыз  Убаев  «Зайырлылық және дін», діннің қоғам өміріндегі орны, Қазақстан аумағындағы діни ұйымдардың қызметі, жалған діни және деструктивті діни ағымдардың әсер ету қаупі туралы хабарлама жасап, маңызды ақпараттармен бөлісті. Тыңдаушылар   тақырып аясында өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныс пікірлерін ортаға салды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар