Ү.ж. 24 мамырында Кәсіби даму институты Тараз қаласының №30 «Назерке» бөбекжай-бақшасымен бірлескен жұмыс жоспарына сай «М.Монтессоридің заттық-дамытушы аймақтарының ерекшеліктері» тақырыбында республикалық семинар өткізді. Мектепке дейінгі ұйымдарда М.Монтессоридің әдістемесінің заттық-дамытушы аймақтарының баланы жан-жақты дамытудағы маңызын көрсету, республика көлемінде озық педагогикалық тәжірибелерді тарату мақсатында өткізілген семинарда іс-тәжірибелер көрсетіліп, мол мәліметтер берілді.
Семинарда Маңғыстау облысының педагогтері М.Монтессори жүйесімен жүзеге асырылып жатқан педагогикалық тәжірибелерімен бөліссе, М.Монтессори жүйесін 10 жылдан астам уақыт тәжірибеде тұрақты пайдаланатын, ТМД елдері арасында ең үлкен балабақша болып табылатын «Алтын Сара» орталығының іс-тәжірибесі ұсынылды. Тараз қаласы, Байзақ, Жуалы аудандарының мектепке дейінгі ұйым педагогтері М.Монтессори жүйесінің өмірлік-тәжірибелік, ғарыш, сенсорлық, математикалық, тілдік аймақтарында балалармен шебер-сыныптарын көрсетті.
М.Монтессори зертханалық кабинеті орналасқан №30 «Назерке» эксперименттік бөбекжай-бақшасы бір жыл уақыт ішінде балалардың сөйлеу, есте сақтау, зейін мен қиялын, оқу жылдамдығы, зияткерлік қабілеттерінің дамуында өсу динамикасы барын көрсетті.
