Ағымдағы жылдың 02 сәуір күні «Өрлеу» Алматы қаласы бойынша филиалының аға оқытушысы Сулейменова Гульнар Абдоллаевнаның жетекшілігімен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 2 курс магистранттары өндірістік тәжірибе аясында «Заманауи білім көкжиегі: білім беру процесіндегі жасанды интеллекттің тиімділігі» тақырыбында семинар өткізді.
Мақсаты: білім беру процесстерін жеңілдету және қызықты өткізу үшін қолданысқа енгізуге тиімді жасанды интеллекттермен таныстыру.
Жасанды интеллектінің шығу тарихы, қолданылуы туралы айтылып, төмендегідей сайттармен жұмыс жасау ұсынылды:
Семинарға қатысушылар http://twee.com/ сайтына тіркеліп, тәжірибеде қолданып жұмыс жасады.
https://joyteka.com/ru/100614092 сілтемесі арқылы жүргізілген «Квест» ойыны қуатты эмоциялар тудырды.
Padlet виртуалды тақтасының көмегімен https://padlet.com/ainurkaaa01/padlet-bkfgb48s31e46iiw және ауызша, жазбаша алынған кері байланыста қатысушылар семинардың пайдалы болғандығын, тәжірибеде қолдану үшін маңызды екендігін атап өтті.
Магистранттар: Айнұр Әбілжан, Гульназ Ботиева, Томирис Нұржанқызы, Бақтыгүл Ержігіт.





