«Өрлеу» Шымкент АҚФ «Психология,инклюзивті білім беру және кәсіби даму»кафедрасының ұйымдастыруымен «Заманауи жағдайда бастауыш сынып оқушыларының есептеу дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдерімен тренинг сабақ өтті. Іс-шара барысында бастауыш сыныпта математика пәнін оқыту үрдісінде есепті шығара білу шеберлігін қалыптастыру, жетілдіру және дамыту, математиканы оқытудағы қиын әрі күрделі мәселелеріне байланысты көбейту кестесін тез есте сақтау, сандарды саусақпен көбейту, жапондық көбейту, тізбектеп көбейту, көп таңбалы сандарды бағандап қосудың жеңіл әдістері және т.б. түрлі әдіс-тәсілдермен тәжірибе алмасып, ой бөлісті. Нәтижесінде, математика пәнінің күрделілігіне қарамастан, болашақ ұрпақты осы пәнге қызықтыру, білім деңгейін көтеру жауапкершілігі ұстаздың шеберлігі мен оқыту әдісіне тікелей байланысты деген шешімге тоқтады. «Психология, инклюзивті білім беру және кәсіби даму»кафедрасының аға оқытушысы Абубакирова Айжан Амирбаевна

- 06 Окт
- 2023