2024 жылдың 8 қаңтары күні төрт жақты меморандум аясында “Ақтөбе-Өрлеу” филиалы мен облыстық әдістемелік орталығы бірлескен білім беру ұйымдарының педагогтері, класс жетекшілер мен тәрбиешілеріне арналған «Педагогтің заманауи тұлғасы» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Облыстық әдістемелік орталығының психологі, семинар спикері Сәндігүл Байдуашова заманауи педагогтің тұлғасы қандай болу керектігі жөнінде психологиялық талдау жасады. №78 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының мұғалімі Гүлназ Қайдасова класс жетекшілік қызметінде білім алушылардың оқу жетістігінің өсу динамикасына оң ықпалын тигізген «Әрекетті зерттеу» педагогикалық-психологиялық әдіс-тәсілдермен таныстырып, практикада қолдану жолдарын көрсетті.
Іс-шара «болашаққа хат жазу» әдісімен қорытындыланды. Семинар спикерлеріне, қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз.


