Жол картасы аясындағы семинар 1 ақпан күні М. Өтемісов атындағы БҚУ-дың педагогикалық факультет студенттеріне ұйымдастырылды.
«Заманауи сабақ тиімді және сапалы білім берудің негізі ретінде» тақырыбында өткен іс-шараға педагогикалық тәжірибеден өткелі отырған 4-курс студенттері қатысты.
Семинар жұмысына Оралдағы «Өрлеудің» педагогикалық және пәндік әдістер кафедрасының тренерлері Рысханым Қуанаева, Рауан Мулдағалиева, Бағдагүл Габбасова, Динара Жумагалиева, Сәнім Әбитова, Менжан Мырзабулатов және Орал қаласы N37 ЖОББМ- тің ағылшын тілі пәні мұғалімі Ақтоты Асанова жетекшілік етті. Семинар «Әткеншек» әдісімен ұйымдастырылды.
Мектептегі тәжірибе кезінде оқу процесін тиімді ұйымдастыру және жоспарлауда көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылған шарада «Оқу пәндері бойынша SMART мақсаты мен сабақты жоспарлау кезеңдері», «Заманауи сабақтың белсенді әдіс-тәсілдері», «Саралап оқытудың өзектілігі мен мүмкіндіктері», «Критериалды бағалау ерекшеліктері, кері байланыс» тақырыптарында бағыт-бағдар берілді.
Студенттер қысқа мерзімді сабақ жоспарын құру, белсенді әдістер, бағалау және саралау әдістерімен танысты.
«Өрлеулік» тренерлердің жетекшілігімен өткен бір апталық іс-шара студенттерге педагогикалық практикадан сәтті өтуіне үлкен қолдау болды.




