2022 жылдың 21 қыркүйек күні Түркістан облысының «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» біліктілікті арттыру курсын өтіп жатқан пән мұғалімдері «Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі» КММ-нің Абай атындағы кітапханада академик М.Әуезовтың 125 жылдығына орай өткен «Заманымыздың заңғар жазушысы» атты әдеби кешке қатысты. Кешті «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы Кужимова Жанагул Турабековна ашты.Кеш барысында кешке қатысушы М.Әуезов университетінің ғалым-ұстаздары мен студенттері, мектеп оқушылары қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткерінің шығармашылығы мен өмірдеректеріне тоқталып, естеліктер айтылды, баяндамалар оқылды. Әуезов шығармаларынан көріністер қойылды, прозаларынан үзінділер оқылды және жас қаламгерлер жазушы тұлғасына арнаған өлеңдерін оқыды. Әуезовтың асыл туындылары тәрбиенің таптырмас қайнар бұлағы болып табылады. Ұрпаққа берер тағылымы мол, мазмұнды әдеби кеш болды. Кужимова Жанагул Турабековна «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы.

