Бүгін «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Атырау облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалының ұйымдастыруымен «Инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың ерекшеліктері: тәжірибесі мен болашағы» тақырыбында аймақтық конференция өткізілді.
📍Конференция мақсаты – арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың өзекті мәселелерін талқылау үшін диалогтік алаң құру, арнайы білім беруде заманауи әдіс-тәсілдер мен практика жүзінде педагогтердің өзара тәжірибе алмасуы және өзекті мәселені шешу жолдарын қарастыру.
🔷Аймақтық конференцияға Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстары бойынша филиалдарының қызметкерлері, негізгі және жалпы орта, бастауыш, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің педагогтері, арнайы және инклюзивті білім беру саласындағы білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты.
🔶Конференцияда Өрлеу-Маңғыстау филиалының аға оқытушылары Р.Нұрова және М.Сахарбаева өз тәжірибелерімен бөлісті.