2026 жылдың 12–24 қаңтар аралығында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша КДИ филиалы мен Ресей Федерациясының Самара мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық университеті арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум аясында филиал тренерлері 72 сағаттық біліктілікті арттыру курсынан өтуде.
⠀
Курс «Инклюзивті білім беру жағдайында заманауи білім беру үдерісін ұйымдастыру және жобалау» тақырыбында ұйымдастырылып, дәрістерді Самара мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық университетінің доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Л.А. Ремезова жүргізуде.
⠀
Бағдарлама аясында заманауи педагогтің ерекше білім беру қажеттіліктері бар (ЕБҚБ) білім алушылармен жұмыс істеудегі инклюзивті кәсіби құзыреттері, интерактивті оқыту тәжірибелерін инклюзивті білім беру үдерісін әзірлеу, құрастыру және жоспарлау барысында пайдалану жолдары, ЕБҚБ білім алушылармен білім беру үдерісін тиімді ұйымдастыруға арналған жаңа практикалық құралдар, сондай-ақ инклюзивті білім беру жағдайында тәрбие жұмысын ұйымдастыру мәселелері қамтылған.
⠀
Аталған курс педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыруға, инклюзивті білім беру сапасын жақсартуға және халықаралық тәжірибе алмасуға бағытталған.




