Курстан кейінгі сүйемелдеу шеңберінде 23 ақпанда Астана қаласының №45 “Самұрық” балабақша базасында аға оқытушы Тусупова Г.У. “Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеудегі инновациялық тәсілдер” атты семинарын ұйымдастырды. Семинар барысында педагогтер инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеуде инновациялық тәсілдерді қолдануда практикалық дағдыларды жетілдірді.

