Ақтөбе филиалының облыстық білім басқармасымен бірлескен жоспарына сәйкес 2022 жылдың 6 сәуірінде кафедра меңгерушісі, п.ғ. к. Е. С. Давлеткалиеваның жетекшілігімен жаратылыстану-ғылыми цикл пәндерінің мұғалімдері үшін 50-ден астам адамды қамтитын “Инклюзивті білім беру жағдайында оқушылардың функционалдық жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын дамыту” атты облыстық семинар ұйымдастырылды.
Семинардың теориялық бөліміне жаратылыстану-ғылыми цикл мұғалімдерінің облыстық қауымдастығының мүшелері белсенді қатысты. Спикерлер №26 ОМ химия және биология мұғалімі Алдабергенова Л.А., Қарғалы ауданы Пацаев атындағы ОМ биология және химия мұғалімі Козлова Э. М., №26 ОМ биология және химия пәні мұғалімі Дарибаева Р.А., Әйтеке би ауданы Комсомол ОМ биология пәні мұғалімі Виноградова В. В., №26 ОМ биология және химия пәні мұғалімі Жалғасбаева В. А., Ембі қ. №1 ОМ биология пәні мұғалімі Кутжанова Г. Е. семинарға қатысушылармен бірге қазіргі заманғы оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалау бойынша халықаралық зерттеулер саласындағы заманауи білім беру талаптарының мәселелерін талқылады.
Практикалық бөлімде Педагогикалық идеялардың панорамасы туралы түсіндірме жұмыстары өтті. Мұғалімдер практикалық жұмыс тәжірибесін ұсынды, функционалдық сауаттылықты дамытатын тапсырмалар құрастырудың, зерттеу дағдыларын дамытудың, инклюзивті білім беру жағдайында мектеп биология және химия курсы тақырыптары бойынша оқушылардың өз бетінше оқу дағдыларының әдістемелік әзірлемелерімен бөлісті.
Семинар қатысушылары жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша тапсырмаларды әзірлеу идеяларымен бөлісе отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын халықаралық зерттеулердегі жоғары көрсеткіштер үшін педагогтар инклюзивті білім беру жағдайында жаратылыстану-ғылыми цикл пәндері сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмаларды әзірлей білулері қажет екенін атап өтті.
Семинар қорытындысы бойынша ұсыныстар ұсынылды.


