«Инклюзивті білім беру» тақырыбында библиографиялық шолу

Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің ең өзекті мәселелерінің бірі инклюзивті білім беру. Осы мақсатта «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Ақтөбе облысы бойынша Кәсіби даму институты кітапханасы біліктілікті арттыру курс тыңдаушыларына «Инклюзивті білім беру» тақырыбында библиографиялық шолу өткізді.
Кітапхана қызметкері Н. Ермекова педагогтерге инклюзивті білім беруге байланысты шыққан басылымдармен: монографиялар, әдістемелік құралдар, ғылыми конференция материалдарымен, газет-журнал беттеріндегі мақалаларға шолу жасап, электрондық басылымдардың презентациясын ұсынды.
Сонымен қатар, педагогтардың ой-өрісін, жаңа білім алуға мүмкіндіктерін ашатын, өзара тәжірибе алмасу мақсатында құрылған «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы электронды кітапхана» сайты құрылымымен, ақпарат іздеуге бағытталған онлайн-ресурстарға шолу жасалып, педагогтердің өздігінен білім алуына кітапхананың мүмкіндіктері айтылды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар