Инклюзивті білім беру – 2023

Ү.ж. 6 қазан күні Жамбыл-«Өрлеу» кәсіби даму институты «Инклюзивті білім беру-2023. Тиімді білім беру кеңістігін құру» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді. Конференцияда Қазақстанда инклюзивті білім беру жүйесін дамытуда, инклюзивті тәжірибені енгізуде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру бойынша мектепке дейінгі және орта білім беру педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін арттырудың өзекті мәселелері қарастырылды.

Мәскеудегі Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінің отбасы және балалық шақ психологиясы кафедрасының психология ғылымдарының докторы, профессор Надежда Мазурова дамуында ауытқулары бар балалардың ата-аналарына психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету бойынша өз тәжірибесімен бөлісті.

Қарағанды қ. «Перспектива» ерте даму және түзетуді қолдау орталығының педагог-психологі Арман Баграмова инклюзивті білім беру міндеттерін шешудегі ұйым басшысының рөліне тоқталды.

Тараз қ. Абай мектеп-гимназиясының логопеді Мақпал Есенқұлова ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды инклюзивті оқыту жағдайында ава-терапия көмегімен жағымсыз мінез-құлық әрекеттерін түзету әдістерін көрсетті.

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 4 курс студенті Александр Скалкин ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасаудағы инновациялық платформасымен таныстырды.

Тараз қ. №18 орта мектебінің директорының оқу-жөніндегі орынбасары Ольга Семенюк инклюзивті тәжірибені іске асыру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру бойынша құнды жұмысын көрсетті.

Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері: Тараз қ. №17 бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Гольц Елена; №12 бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Орынтай Мадина; № 27 бөбекжай-бақшасының қазақ тілі педагогі Қарлығаш Канкожаева; Байзақ ауданы «Астана» бөбекжай-бақшасының тәрбиешілері Нұржамал Жетібаева, Әйгерім Жалбиева және  Жуалы ауданы «Аягүл» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Гүлнар Аккулиева ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасауда инклюзивті білім беруді дамыту бойынша үздік педагогикалық тәжірибелерімен бөлісті.

Конференция жұмысы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің өзекті мәселелерін көрсетіп, мектепке дейінгі және орта білім берудегі инновациялық технологиялары мен озық тәжірибелерін таратты.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар