Инновациялық практикалар эстафетасы

2022 жылғы 29.04 күні «Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы ұйымдастыруымен Түркістан қаласы, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетімен ірлесе отырып, университет базасында «Академиялық және әлеуметтік-эмоционалдық оқытудың ыкпалдастығы» тақырыбындағы инновациялық практикалар эстафетасы өтті. Түркістан облысының балабақша, мектеп және колледж басшылары мен педагогтары қатысты. Өрлеу» БАҰО АҚ «Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша КДИ» филиалының аға оқытушысы Турсынбаева З.П. «Оқушылардың әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларын дамыту» тақырыбында баяндама жасады.Инновациялық практикалар эстафета соңында баяндамашыларға алғыс хат берілді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар