12 сәуірде ШҚО бойынша «Өрлеу» филиалының ұйымдастыруымен «Инновациялық технологияларды қолдану арқылы педагогтің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру» тақырыбында облыстық семинары өтті. Қ. Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейінде өткізілген семинар ғылым күнімен тұспа-тұс келді. Семинарға облыстың барлық аудандарынан және қалаларынан математика-жаратылыстану бағыты бойынша сабақ беретін педагогтер қатысты.
Семинар жұмысына келген ұстаздар Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі педагогтерінің дайындаған әдістемелік өнімдерінің жәрменкесін тамашалап, «Шәкірт озса – ұстазға мақтан … » атты білім мен ғылым шеңбері көрмесін тамашалап, «Даналық ойдан дән ізде … » атты театрландырылған көрініс арқылы мектеп тарихымен танысу мүмкін болды. Оқушылар халық мұғалімі Қ.Нұрғалиев атамыз туралы тамаша көрініс көрсетті.
Келесі алаң, ол ашық сабақтар алаңы еді. Облыс педагогтері физика пәнінен А.А Муртазалиеваның «Радиоактивтілік. Радиоактивті сәулеленудің табиғаты», Т.Қ.Раханова математика пәнінен «Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен және алмастыру тәсілімен шешу», география пәнінің мұғалім Г.Қ Зейнолдина «Табиғи ресурстарды өңдеу мен технологиялары, дайын өнім түрлері», информатика пәнінің педагогтері «Алгоритмді құру» (практикум) тақырыбында Г.Ж. Абсеитованың интербелсенді сабақтарына қатысты. Сабақтан кейін ұстаздар ашық сабақтарға талдау жасады.
«Ақыл-ойды технологиямен тоғыстырайық» алаңында ұстаздар тәжірибелік сабақтар арқылы педагогикалық практикада қолдануға болатын веб-сервистермен танысып, қолдану жолдарын үйренді.
«Ойластырылған педагогикалық дизайн», «Заманауи мектепте «SOFT SKILLS» дағдыларын қалыптастыру бойынша инновациялық тәжірибелер» тақырыбында «Өрлеу» филиалының аға оқытушылары Жаксылыкова Г.И., Ислямова А.А., тренерлік сағат өткізді. Ұстаздар педагогикалық дизайн, «SOFT SKILLS» дағдылары туралы білімдерін толықтырып, пікір алмасты.
Облыстық семинардың диалогтық алаңда ұстаздар өз ойларымен, эмоцияларымен бөлісіп, ұсыныстарын білдірді. Қатысушылар үшін QR код арқылы семинарда өз тәжірибелерін таратқан педагогтердің ресурстарын жүктеп алу мүмкіндігі де қарастырылды.





