Инновациялық тәжірибені тарату

2022 жылдың 4 наурызында біліктілікті арттыру курсы аясында Қазақстан Республикасы Білім беру ұйымдарының 50 басшысына арналған Алматы қаласындағы №153 мектеп-гимназиясының директоры Шавкат Ниязұлы Умаров, басқару ұжымы және Өрлеу ББЖҚБАРИ тренерлері Тен А.С. мен Жартынова Ж.А. ұйымдастырылуымен практикалық семинар өтті.

Семинардың негізгі мақсаты – маркетинг, инвестициялық басқару, дизайн-ойлау, жан басына қаржыландыру, стратегиялық және тактикалық жоспарлау саласында тиімді басқару практикаларын қолдану бойынша директор-көшбасшының, новатордың инновациялық тәжірибесін тарату, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл қағидаттары бойынша көптілді білім беру бағдарламасын іске асыру, сондай-ақ оқушыларды өнер және музыка әлеміне тарту негізінде патриоттық тұлғаны тәрбиелеу.

Семинар жоғары кәсіби деңгейде өтті, себебі талқыланатын тақырыптар – бәсекеге қабілетті ортада білім берудің болашақ дамуына жасалған қадам.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар