2022 жылғы 13 желтоқсанда №11 орта мектебін базасында эксперименттік алаңы негізінде “Инновациялық қызмет педагогтардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың шарты ретінде” тақырыбында семинар-практикум ұйымдастырылды.
Мақсаты: эксперименталды мұғалімдердің педагогикалық тәжірибесін көрсету .
Семинарға қатысушылар білім беру қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін оқушылармен жұмыста әртүрлі нысандар мен әдістерді ұсынды.
Эксперимент барысында эксперименталды мұғалімдер бастауыш сынып оқушыларының зерттеу және іздеу жұмыстарымен айналысады.
Эксперименттің ғылыми жетекшісі, кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Каплиева Айгүл Қыдырбайқызы мектептің эксперименттік тобының жемісті жұмысын атап өтті.
№11 орта мектеп педагогикалық ұжымына бірлескен жұмысы үшін алғыс білдіреміз.




