Инновация арқылы білім сапасына

Ағымдағы жылдың 5 қаңтарында Жамбыл-«Өрлеу» және Меркі ауданының №44 ЖОББМ бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдері үшін оқыту семинары ұйымдастырылды.

Бұл іс-шара оқушылардың білім мен дағдыларды тиімдірек меңгеруін қамтамасыз ететін білім мен оқытудың озық тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік берді. Семинар барысында  оқу процесін ұйымдастыру және жоспарлау, бағалау және бақылау аспектілерін қамтыған ақпараттар педагогтер үшін маңызды әрі пайдалы болды. PISA тапсырмалары мен тиімді әдістерді қолдану арқылы оқушылардың ғылыми-жаратылыстану және функционалдық сауаттылығын дамытуға ерекше назар аударылды. Пән мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар