Институт қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Ағымдағы жылдың 13 желтоқсан күні облыс әкімдігінің мәжіліс залында ҚР тәуелсіздік күні, Жамбыл облысының 85 жылдығы қарсанында Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институтының қызметкерлеріне ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі, ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың Құрмет, Алғыс хаттары мен Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасы салтанатты түрде табысталды.

Облыс әкімінің білім, дене шынықтыру және спорт, ақпарат және қоғамдық даму, дін, мәдениет және тілдерді дамыту салалары жөніндегі орынбасары Серік Сәлемов іс-шара модераторы болды.

Іс-шараның алғы сөзінде Серік Жақсылықұлы білім берудің заманауи экожүйесінде 72 жылдық тарихы бар Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институтының Жамбыл өңірі үшін стратегиялық маңызды орынға ие екендігін басты назарға алып, ұжымды толық құраммен әкімдікке арнайы шақырып, құттықтау үшін Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мағзымбеков Ерұлан Сабенұлы, Жамбыл облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Нысанбаев Мұхит Аманқұлұлы, Жамбыл облысының білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің басшысы Усерова Шахризада Асылбекқызы, Тараз қалалық білім бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Малибекова Гулбану Жумашбаевна және әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Атакулова Гулжан Жадигеровна қатысты.

Қазіргі таңда облысымызда мемлекеттік маңызы бар жайлы мектеп, мақсатты мектептерді дамыту жобаларымен қатар, ұлттық «Ұстаз» платформасы табысты іске асырып отырғандығы, өңірдегі білім сапасын дамытуда педагогтердің кәсіби, құқықтық, ақпараттық, коммуникативтік, басқарушылық қызметтерінің деңгейін арттыруда институт ұжымының еңбегін ерекше бағалап жаңа басшы Ләтипа Сейдахметқызының жұмысына табыс тіледі.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар