Өрлеу Алматы облысы бойынша КДИ жоспарына сәйкес 2024 жылдың 5-9 ақпаны аралығында Институт тренерлері мен қызметкерлері арасында өзара тәжірибе алмасу семинарлар легі өз жалғасын тапты.
2024 жылдың 5 ақпанынан бастап Институт тренерлері Мариям Мухамадиева, Жадыра Абдрахимова және Арай Қарсыбаева «Оқытуда құндылыққа бағдарланған тәсілді іске асыру үшін сандық білім беру ресурстарын пайдалану мүмкіндіктері» тақырыбында шебер-сынып өткізді. Іс-шараның мақсаты оқытуда құндылыққа бағдарланған тәсілді іске асыру үшін сандық білім беру ресурстарын пайдалану мүмкіндіктері маңыздылығын ұғындыру болып табылды. Шебер-сыныпқа қатысушылар құндылыққа байланысты мәтіндермен жұмыс жасай отырып, заманауи платформалар арқылы тапсырмаларды орындап, кері байланыс алды.
Институттың аға оқытушысы Ляззат Адыбаева «Картографиялық проекциялар» тақырыбында тәжірибе алмасу оқыту семинарын өткізді. Семинардың мақсаты – картографиялық проекциялардың түрлерін анықтап, картадағы бұрмалану ерекшеліктеріне түсінік қалыптастыру. Картографиялық проекцияларға түсінік беру, әдістерді қолданып тапсырмаларды орындау арқылы номенклатурамен жұмыс жасатты. Картографиялық ресурстардың мүмкіндіктерін меңгерту жолдары жан-жақты талқыланды. Кафедраның аға оқытушылары және Оқу бөлімінің қызметкерлері толықтай қатысып, бір-бірімен тәжірибе алмасып, кері байланыс берді.
Тренер Айгүл Байузакова институт қызметкерлеріне «Біртұтас тәрбие бағдарламасына» сәйкес «Бастауыш мектептегі сабақтарда және сабақтан тыс уақытта балаларды тәрбиелеудің мазмұны» тақырыбында коучинг өткізді. Коучинг барысында «Біртұтас тәрбие бағдарламасының» мақсат-міндеттері мен күтілетін нәтижелеріне тоқталып, бастауыш сынып педагогтерінің біліктілігін арттыру жүйесінде «Ұлттық мүдде», «Ар-ұят», «Талап» сияқты құндылықтарды қалыптастыру бойынша педагогтердің дағдыларын дамыту жолдары қарастырылды.
«Уақытты басқару» тақырыбында Институт тренері Ғалым Іркітбай тәжірибе алмасу мақсатында семинар өткізді. Семинар жұмысының мақсаты – оқытушылардың уақытты тиімді пайдалану және басқару құзырлықтарын жетілдіру. Семинарда Институт қызметкерлері уақытты басқару мәдениетін, уақытты дұрыс пайдалану дағдыларын жетілдіре отырып, жоспарлаудың маңызды және маңызды емес негіздерін ажырата білді.
Және соңында, Институттың аға оқытушысы Фатима Каракушекова «STEM технологиясы – пән аралық байланыс білім негізі» Робототехника және STEM-білім беру» тақырыбы бойынша семинар ұйымдастырды. Семинарда жаратылыстану пән мұғалімдерінің оқу-тәрбие жұмысын жаңарту және робототехника, STEM арқылы пәндік оқыту құзыреттілігін жетілдіру, сондай-ақ, семинар жұмысының міндеттері де қарастырылды. Атап айтсақ, STEM, STEАM, STREM технологиясының ерекшеліктерін түсіндіру, Steam және Strem тапсырмалары бойынша зертханалық жұмыстар орындау, әртүрлі қолданбалы сайттарды таныстырып, жұмыс жасау технологиясын жетілдіру бойынша жан-жақты ой талқыланды.







