Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институтында 21.04-02.05.2025 аралығында” Интернаттық білім беру ұйымдарында дамытушы және қолдаушы орта құру”тақырыбында интернат ұйымдарының тәрбиешілеріне арналған біліктілік арттыру курсы өтуде. Біліктілік арттыру курсы барысында сәуір айының 30 жұлдызында курс жетекшісі Л.Кенжехожаеваның ұйымдастыруымен кезекті көшпелі тәжірибелі сабақ Дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған лицей-интернаты базасында өтті. Көшпелі тәжірибелі сабақ, бағдарламада бекітілген “Интернаттық ұйымдарда сыныптан тыс және сабақтан тыс қызметін ұйымдастыру және өткізу”, “Балалар мен ересектердің бірлескен қызметінің негізгі түрлері”,”Интернаттық ұйымдарда құқық бұзушылықтар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу. Білім алушылардың арасында нашақорлық, токсикомания, алкоголизм, темекі шегу, АИТВ инфекциясының алдын алу”,- тақырыптарын терең талдай отырып және практикалық нұсқау берумен ұштастырылды. Сабақ барысында интернат тәрбиешілерінің сыныптан тыс және сабақтан тыс қызметін ұйымдастыру және өткізу бағыттары және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету әдіс-тәсілдері мен қауіпсіздік ережелерін түсіндірудің тиімді жолдары көрсетілді.
Дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған лицей-интернаты мамандары мен тәрбиешілері Серкебаев Еділ, Батырханова Роза, Юлдашева Динара,Нарбекова Ақтоты тыңдаушылармен өз тәжірибесімен бөлісіп құнды ақпараттармен таныстырды.
Бұл тәжірибелік сабақ интернат тәрбиешілеріне балалармен жұмысты жетілдіруге арналған жаңа идеялар мен практикалық дағдылар алуға мүмкіндік берді.