2023 жылдың 24 сәуірі мен 5 мамыры аралығында Өрлеу Республикалық кәсіби даму институтында «Интернаттық ұйымдарда тәрбие жұмысын жоспарлау және іске асыру бойынша педагогтердің психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік құзыреттерін дамыту» тақырыбында интернаттық ұйымдардың тәрбиешілеріне арналған біліктілікті арттыру курсы өткізілуде.
Сонымен қатар Институт тренерлері Абайдуллаева Айгуль және Көмекова Сандуғаш біліктілікті арттыру курсы аясында «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды әлеуметтендіру мен тәрбиелеудегі отбасының рөлі» тақырыбында семинар ұйымдастырды.
Дамуында әртүрлі ауытқулары бар балаларды тәрбиелейтін отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін, балалардың әлеуметтік интеграциясы жолындағы негізгі кедергілерді жою және мүмкіндігі шектеулі балаларды табысты әлеуметтендіру бойынша отбасымен мақсатты психологиялық-педагогикалық және медициналық-әлеуметтік сипаттау негізіндегі жұмыстарда тыңдаушылар белсенділіктерін танытып, өз қоржындарына құнды мәліметтер жинақтады.





