«Өрлеу» Астана Кәсіби даму институты қазақ және орыс тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының информатика пәні мұғалімдеріне арналған «10-11 сыныптар курсының күрделі тақырыптарын меңгеруде информатика пәні мұғалімдерінің пәндік құзыреттерін дамыту» тақырыбындағы курс өтіп жатыр.
Курс барысында білім беру саласындағы жалпы мемлекеттік басымдықтар, информатиканы оқытудың өзекті мәселелері қарастырылуда.
Жоспарға сәйкес педагогтер оқыту бағдарламасы бойынша мобильді қолданбалар, веб – дизайн, жасанды интеллект оның тұжырымдамасы, даму бағыттары, міндеттері, қолдану салалары және блокчейн технологияларын меңгеруде.

