2022 жылдың 5 қыркүйек күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша Кәсіби даму институтында қазақ тілі, қазақ әдебиеті, орыс тілі, орыс әдебиеті, ағылшын тілі, география пәнінің мұғалімдеріне, аға тәлімгерлерге, МДҰ педагогтарына арналған біліктілікті арттыру курстары бастау алды.
Біліктілікті арттыру курстары барысында тыңдаушылар пәндер бойынша нормативтік-құқықтық құжаттарды оқыту процесінде қолдануды, практикалық іс-әрекетте жүзеге асыру үшін білігі мен дағдыларын дамыта отырып, оқытылатын пән саласындағы пәндік білімді тереңдетіп, білім сапасын арттыру аясында пәндік құзыреттілігін жетілдіреді.
Білім беру процесін ұйымдастыру кезінде тыңдаушылардың білімін бақылау және бағалау мақсатында практикалық тапсырмаларды орындау, тапсырмаларды шешу, сабақ үзіндісін жобалау, қорытынды тестілеу т.б.түрінде өткізіледі.
Педагогтардың заманауи талаптарға сай кәсіби құзыреттілігін жетілдіруде сәттілік тілейміз!




