Бүгін Ақтөбе облысы бойынша «Өрлеу» филиалында кітапхана қызметкерлері, орыс тілі мен әдебиеті, физика пәні және шағын жинақты мектеп мұғалімдері кезекті біліктілікті арттыру курстарын тәмамдады.
Педагогтеріміз курс барысында кәсіби біліктерін, дағдыларын шыңдап, білім қоржынын құнды ақпараттармен толықтырды.
Өрлеуді таңдаған әрбір тыңдаушымызға жаңа оқу жылында сәтті бастамалар, шығармашылық табыстар тілейміз!









