Келелі кездесу өтті

Ағымдағы жылдың 21 ақпан күні Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институтының басшылық құрамы Шу ауданына іс-сапармен барып, жергілікті білім беру ұйымдарының басшылары және педагогтерімен кездесу өткізді.
Кездесуге Шу ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Ляйля Бегимбаева, әдіскерлер Баян Маринова, Ельмира Наурызбаева және ауданының білім бөліміне қарасты орта және қосымша білім беру ұйымдарының орынбасарлары мен мектепке дейінгі ұйым әдіскерлері қатысты.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – педагогтердің цифрлық платформаларда дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету және олардың кәсіби біліктілігін арттыру. Сонымен қатар, біліктілікті арттыру курстарының білім сапасына тигізетін оң әсері, мұғалімдердің кәсіби дамуына қосатын үлесі талқыланды.
Кездесу барысында ұстаздар өздерін толғандыратын сұрақтарын қойып, әдістемелік кеңестер алды. Сондай-ақ, «Халық үні» қағидатына негізделген ашық диалог ұйымдастырылып, мұғалімдердің білім беру жүйесіндегі өзгерістерге қатысты ұсыныстары ескерілді.
Сонымен бірге, аудан педагогтері арасында Ашық микрофон форматындағы Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институты өткізіп жатқан мақсатты мектептер арналған курстарының ұйымдастырылу сапасы, курс өткізуші тренерлерінің кәсіби біліктілік деңгейі , курс мазмұнының теориялық тереңдігі, тәжірибе жұмыстарының оқу үдерісіндегі қолдану әдістемесі туралы кері байланысқа арналған жарыс сөз соңы алғыс тілекпен аяқталды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар