«Келешек мектептері» үшін жас мамандарды іріктеудің жаңа кезеңі

Бүгін, 5-інші маусым ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұлттық жоба аясында салынған «Келешек мектептері» жаңа форматтағы мектептерге жас мамандарды жылдам әрі тиімді іріктеуге арналған құрал – career.orleu.edu.kz цифрлық платформасында М.Х.Дулати атындағы Тараз Университетінің педагогикалық бағыттағы, академиялық көрсеткіші жоғары (GPA 3,33) түлектерінің қатысумен әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларды және пәндік білімді бағалауға бағытталған екі компоненттен тұратын тестілеу жүргізілді.
Тестілеуден сәтті өткен түлектердің электрондық портфолиолары career.orleu.edu.kz цифрлық платформасына жүктеледі. Бұл жүйеде мектеп директорлары үміткерлерді өңір, пән және біліктілік бойынша сүзгілеп, өз мектебіне лайық маманды таңдай алады.
Айта кететін жайт, Жамбыл облысында 2023 жылы басталған «Келешек мектептер» жобасы аясында 7 мектеп құрылды, оның 3-і 2024 жылы, 1-і 2025 жылы пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 3 мектептің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.
Іскерлік маңызды күн соңы М.Х.Дулати атындағы Тараз Университетінің мен Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты өзара бірлескен ынтымақтастық шеңберіндегі ортақ жобаларды талқылаумен аяқталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар