«Кел, бірге оқиық!» атты облыстық кітап оқу марафоны өтті

Бүгін «Өрлеу-Ақтөбе» институтында «Халықаралық кітап және авторлық құқық күні» қарсаңында «Кел, бірге оқиық!» атты облыстық кітап оқу марафоны өтті. Бұл шараның басты мақсаты – педагогтерді, әсіресе жас жеткіншектерді кітап оқуға шақыру, одан әсер алуға баулу, кітапқа сүйіспеншілігін арттыру.

Кітап оқу марафонына облыс педагогтері, оқушылар, мектеп кітапханашылары, курс тыңдаушылары, институт қызметкерлері белсене қатысты. Марафон офлайн режімінде және аудандардың сырттай қатысуымен өтті. Қатысушылар оқып жатқан кітаптарынан алған әсерлерін баяндаған бейнероликтерін, ұнаған сюжеттерін қағаз бетіне бейнеледі.

Біліктілікті арттыру курсына келген музыка, мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтері «Бір ел – бір кітап-2023» республикалық акциясы ұсынған Төлен Әбдіктің «Оң қол» әңгімесін оқып, кітап – білім бұлағы, жаңа идеяларға жол бастаушы, рухани және материалдық құндылықтарға қол жеткізуші құрал екенін айта отырып, алған әсерлерімен бөлісті. Бүгінгі кітап оқу марафоны мектеп мұғалімдері мен оқушылардың, кітапханшылардың, ата-аналардың ортақ мақсатта бірлесіп жұмыс жасау алаңы бола алды. Қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ақтөбе облысы бойынша кәсіби даму институты барлық қатысушыларға шын жүректен алғыс білдіреді!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар